Енді энергетикалық сусынды 21 жасқа толғандарға сатып алуға болады: Мәжіліс депутаттары түзетуді қабылдады
Жаңалықтар
226
Сурет: ғаламтордан
Елімізде енді энергетикалық сусындар 21 жастан бастап қана сатылады. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.
Енді энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.
Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.
Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
Пікірлер (0)