Әнші мен ақынды ажыратпайтын ғылым министрі – Саясат Нұрбек

Редакция таңдауы
view 744
news

Саясатта жүрген Саясаттың тіпті аты-жөні де – саясат. Ол – 1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында діндарлар отбасында дүниеге келген. Өзінің де діншілдеу шенеунік екені бұған дейін де талай айтылған. Әсіресе, Түркиядан келетін «Саид Нұрси» жамағаты, – яғни былай да былай «нұршы». Ал діни сауаты бар адамдар бұл кісіні – «Фетох» дейді. Онысы не тағы деп сұрап көрсек, бұл – Фетхулла Гүленің мүриті көрінеді. «Түркия билігін басып алмақ» арам пиғылды деп бұл жамағатты Түркия елден қудалаған. Осыдан кейін жер-жердегі Түрік лицейлері жабылды. Ал бізде тек атауы ғана өзгерген сыңайлы. Бұл жамағаттың көздегені – діни тартыс та емес, көксегені саяси билікке келу дейді мамандар. Айтпақшы, бұл шенеуніктің отбасы қазір Кипрде тұратыны да мәлім болған... Сөйтіп, қазір әлеуметтік желідегі жұрт бұл министрге «Ғылым және шариғат министрі» деген лақап қойып алыпты. Расында, ғылым саласына Асқар Жұмаділдаев секілді ғалым келуі керек еді. Саясат Нұрбекке Муфтияттан да бір орын табылар еді ғой, әке жолын жалғап солай кетсе жөн-тұғын. Енді бұл министр ғылым саласын тағы қанша жыл тұралататыны бір құдайға аян. Оның биографиясына қарап отырсаң, білмейтін тілі, жүрмейтін жері жоқ. Әлемнің бәлен жоғары оқуын оқыпты-мыс. Бірақ өте қарапайым нәрсе: бұрынғы әріптесі әнші Бекболат Тілеуханды «белгілі ақын» деп соқты, бір сұхбатында. Адам бір рет шатасып кетуі мүмкін, оны тіпті бірнеше қайталап «ақын Бекболат ағамыз» деді. Әлемнің қанша оқуын оқыса да, ол әр сұхбат берген сайын үнемі қоғамның сынына ұшырап жатады. Сөйтіп ғайыптан тайып бір күні «Аманат» партиясында сөз сөйледі, ойпыр-ай, жағымпаздықтың жырына тағы басты. Ертегідегі Алпамыс батырша өскен Саясат Нұрбек ақпанда депутат болды, Дариға Назарбаеваның орнын басып. Оның орнының «киесі» күшті болды ма, төрт ай өтпей миниср болып шыға келді. Әйтеуір саясат сахнасына лифтімен көтерілгендей тым тез көтерілді. Бірақ қоғамда үнемі сынға ұшырайтын саясаткер мүмкін тез кететін де шығар. Оны енді алдағы жұмысы көрсетер. Алайда мұның осынша тез жоғарылап шыға келуіне сыртта қолдаушылары да бар деген қауесет айтылады. Әзірге дәйек болмаған соң, бірдеңе деу қиын болып отыр. Бір жылда екі рет «Бисмиллах» деп ант берген діндар саясаткердің өсу жолы былай болды: 25 ақпанда Nur Otan саяси кеңесінің отырысы өтіп, ҚР парламенті мәжілісіндегі Nur Otan фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі. Бұл туралы партияның хатшысы міндетін атқарушы Асхат Оралов хабарлады. 3 наурызда Nur Otan партиясының тізімі бойынша Саясат Нұрбек Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Конституцияның 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді. Осыған орай Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты Саясат Нұрбек әріптестерімен бірге халыққа қызмет ету абырой, міндет және жауапкершілік екенін айтып, ант берді.  «Бисмиллах, бисмиллах, Қазақстан халқыны адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді ол. Депутат болып тағайындалғанан кейін журналистерге «айлығым аз» деп қиғылық салды. 15 маусым күні өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған біздің діндәр саясаткеріміз Саясат Нұрбек тағы да ант берді. Министр болып тағайындалғаннан кейін де журналситердің сұрағына біршама езу тартарлық жауаптар қайтарған. Тағы да сол жалақы жырын айтқан ол: «Жалақымды әлі білмеймін, не кабинетім де жоқ» деді. Тіпті «алақаным қышып отыр» деп алақанын ысқылады Үкіметтің кулуарында. Сондай-ақ ол енді Кипрде тұрып жатқан отбасын елге қайтаратынын, балаларының оқуы туралы да айтқан. Ал оның өмірдеректеріне көз жүгітсек, Маршаллтаун колледжін (Айова штаты, АҚШ, 2001), саясаттанушы мамандығы; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2004) халықаралық заңгер мамандығы; La Sapienza университетін (Рим қаласы, 2006) «Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік» мамандығы; «Көкше» академиясын (Көкшетау қаласы, 2010) психология бакалавры дәрежесімен бітірген. Ол бір сөзбен айтқанда, саясаттанушы, заңгер және психолгог! Әскери атағы – запастағы лейтенант. Біраз жердің бас шолған ол – 2022 жылдың ақпанынан бері Мәжіліс депутаты, 15 маусымда Ғылым және жоғарғы білім министрі болып шыға келді.

 Бақыт БЕКОВ

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *