Ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, пышап кеткен: Әйел жансақтау бөліміне түсті (видео)
Сурет: видеодан скрин
Атырауда ер адам подъезде әйелдің шыққанын күтіп, оған пышақ жарақатын салған,- деп хабарлайды Janabastau.kz. Бұл видео желі де тарап кетті.
Әйел супермаркетте жұмыс істейді екен және кіреберіс арқылы дәретханаға шыққан. Сол жерде оны бұрынғы жігіті аңдып, пышақпен күтіп тұрған екен. Әйел шыққан кезде оған шабуылдап, бірнеше рет пышақ салып, бауыздаған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.
“9 маусымда Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Департамент басқа ақпарат жариялануға жатпайтынын мәлімдеді.
Пікірлер (0)