"Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық": Зейнеп Ахметова
Жаңалықтар
430
Сурет: Ашық дереккөзден
Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова ер мен әйелдің мүлде тең емес екенін айтты. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
Зейнеп Ахметованың ер мен әйел теңдігі туралы сөздері әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде шыққан.
"Ер мен әйел теңелген кезде дүниенің шырқы бұзылады. Құдайдың өзі екеуін екі әлем қылып жаратқан. Екеуі бірігіп бір бүтін болып ұрпақ өрбітеді.
Екеуміз теңбіз, бір баланы сен ту, бір баланы мен туайын демейді ғой. Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық", деді жазушы.
Бұл пікірге көпшіліктің қарасы екіге бөлінді. Бірі қолдаса, бірі бұл пікірге қарсы шықты.
Пікірлер (0)