Еріккен әкімдер ЛРТ-ні «уқалайды»
Жаңалықтар
248
Алматыда ЛРТ салыну мәселесі қазанның басына дейін шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Алматыға ЛРТ керек. Төле би көшесінде салынған трамвай жолдарының орны бар, дамытуға мүмкіншілік бар. Алдыңғы жылы қоғамдық кеңес жиналысында осыны талқыладық, шешімін қазанның басына дейін табамыз», – деді Ерболат Досаев.
Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те Шымкенттің бас жоспарына ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отырғанын айтқан болатын.
Нұр-Сұлтандағы ЛРТ құрылысының жыры бітпей, басқа қалалардың «иег қышуына» жол болсын!
Пікірлер (0)