Қарашаға дейін қанша киік атылатыны белгілі болды
Жаңалықтар
1083
Киіктердің саны 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін реттелуі мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев мәлімдеді.
«Зоология институты 2022 жылға киіктердің санын реттеудің биологиялық негіздемесін ұсынды. Ғылыми қорытындыға сәйкес, жем-шөп пен суаттардың, ауыл шаруашылығы дақылдары егісіне киіктердің кіруінің салдарынан, сондай-ақ Орал популяциясы санының күрт өсуіне байланысты киіктердің шамадан тыс өсуін реттеу қажеттілігі туындады. Айта кетсек, мұндай жағдай Бетпақдала популяциясында да байқалады», деді Нұрлан Қылышбаев елордада өткен дөңгелек үстелде.
Биологиялық негіздемеге сәйкес 2022 жылы Орал популяциясының киіктерін атуға ұсынылған көлемі есептік санының 10%-ын құрайды, оның ішінде ересек еркек – 5%, ересек аналық - 47,5%, жас ұрғашы – 47,5%.
«Қостанай, Ақмола облыстарының аумағындағы Бетпақдала популяциясы үшін 2022 жылға алу көлемі есептік санның 2,5% мөлшерінде ұсынылады. Оның ішінде ересек аталықтары – 5%, ересек ұрғашылары – 47,5%, жас төлдері – 47,5%», деді Н.Қылышбаев.
Ол киіктердің санын биологиялық және экономикалық тұрғыдан реттеудің оңтайлы мерзімі 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін екенін жеткізді.
Бұған дейін Қазақстанда 90 мыңға жуық киікті ату жоспарланғаны айтылған.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:
Жаңалықтар
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Пікірлер (0)