Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтарына визасыз режим ашты
"2022 жылдың 8 шілдесінен бастап Қазақстан Үндістан, Иран және Қытай азаматтарына біржақты тәртіпте визасыз режим ашады. Бұл ретте Үндістан мен Қытай үшін 72 сағаттық визасыз арнайы транзиттік режим өз жұмысын тоқтатты. Визасыз режим шарттарына сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары Қазақстанға шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін визасыз кіріп, жүре алады. Іскерлік, жеке және туристік мақсаттағы саяхаттарға рұқсат етіледі", - делінген комитет хабарламасында.
"Сонымен қатар, шетелдік азаматтарға визасыз режим шеңберінде еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл мақсаттар үшін қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат пен визаны алдын ала алуы қажет", - деп түсіндірді комитет өкілдері.
Пікірлер (0)