«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық кітапханаға табысталды

Жаңалықтар
view 120
news

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Ұлттық академиялық кітапхана арасында екі жақты меморандумға қол қойылды. Іскерлік кездесуде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов: «Екі мекеменің руханият саласында атқарып жатқан жұмыстарының мәні мен мақсаты бір. Ел азаматтары арасында патриотизмды насихаттау, отансүйгіштікті дәріптеу бағытында алдағы уақытта бірлікте жұмыс атқарамыз. Осы ретте бүгінгі екі жақты меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деген сенім бар», – деді. Өз кезегінде Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұмаұлы меморандум аясында тиісті келісімге келіп, алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жобаларға бірге атсалысатынын мәлімдей келе: « тарих саласындағы ғалымдарымызбен бірге қазір «Қазақ геральдикасы» кітабын шығардық. Геральдиканың өзі - өткен өміріміздің немесе өткен ғасырларымыздың тарихы. Қазіргі таңда осы нышандардың кейбірі қолданылып жүр. Ұмыт болған геральдикалық белгілерді, иероглифтерді бүгінде ғалымдарымыз зерттеп жатыр», - деді. Шара аясында Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Ұлттық академиялық кітапханаға екі жүз дана «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомын табыстады. Нұржан Нұрланұлы өз алғысын білдіріп, бұл зерттеу еңбегінің өңірлердегі кітапханаларға да жіберетінін айтты. Ежелгі нышандар мен таңбалар қамтылған кітапта ғалымдар ғұн заманынан бері тасқа қашалған таңбалардың қазақ елінің елтаңбасына айналуының тарихи мән-маңызы баяндалған.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *