Ерке Есмахан үлкен үзілістен кейін жаңа альбомымен сахнаға оралады

Жаңалықтар
view 48
news

фотосурет: әлеуметтік желіден

 

Үш жылдық шығармашылық үзілістен кейін әнші Ерке Есмахан тыңдармандарына қуанышты жаңалығын жеткізді. Декреттік демалыс уақытын отбасына арнаған өнер иесі енді сахнаға тың серпінмен оралып, жаңа музыкалық жобасын ұсынбақ.

Әншінің айтуынша, декретте өткізген үш жыл ішінде жазылған, бұған дейін еш жерде жарияланбаған әндер бір альбомға топтастырылған. Жаңа жинаққа енген туындылар тыңдарманға жуырда жол тартады.

Ерке Есмахан жолдасының қолдауы шығармашылыққа қайта оралуына ерекше күш бергенін жасырмады.

«Жолдасым: "Сен менің сүйікті жарым, балаларымның анасы ғана емес, халықтың сүйікті әншісісің. Жарқырап, ән сал", - деп үлкен қолдау білдірді. Сол сөздер мені жаңа шабытпен өнерге қайта оралуға жігерлендірді», - деді әнші.

Өнерпаздың айтуынша, соңғы алты ай бойы оның шығармашылық тобы жаңа жобаның әр бөлшегін мұқият әзірлеген. Соның нәтижесінде тыңдарман назарына тек жаңа әндер ғана емес, сапалы бейнебаяндар мен заманауи визуалды жұмыстардан тұратын ауқымды музыкалық жоба ұсынылмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *