Еркеғали Бейсенов: Ұлттық құндылықтар – ұрпақ сабақтастығының негізі
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
Қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен дәріптеу – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Жаһандану жағдайында ұлттық болмысты жоғалтпай, оны жаңа буынға жеткізу мәселесі өзекті болып отыр. Осы ретте Facebook-те "Ұлттық құндылықтар" деген топ ашып, насихаттап жүрген журналист Еркеғали Бейсеновпен аз-кем сұхбаттасқан едік.
– Бүгінде рухани құндылықтарды дәріптеу неге маңызды?
– Бұл – ұлттық бірегейлікті сақтаудың негізгі тетігі. Егер құндылықтар ұмытылса, қоғам өзінің тарихи тамырынан ажырайды. Сондықтан бұл бағыт әрдайым назарда болуы тиіс. Осы ойлар мазалап, Facebook-те "Ұлттық құндылықтар" деген топ аштым. Шама-шарқымызша насихаттауға үлес қосып келеміз.
– Қазіргі жастарға ұлттық құндылықтарды қалай жеткізуге болады?
– Жастарға дәстүрді құр сөзбен емес, нақты мысалдар арқылы көрсету керек. Заманауи форматтарды қолдану маңызды. Әлеуметтік желілер, бейнематериалдар, жеке оқиғалар – бәрі де әсерлі құрал.
– Ақпараттық кеңістіктің рөлі қандай?
– Өте жоғары. Қазіргі қоғам ақпарат арқылы қалыптасады. Сондықтан ұлттық тақырыптағы сапалы контенттің үлесін арттыру қажет.
– Мемлекеттік деңгейде қандай жұмыстар атқарылып жатыр деп ойлайсыз?
– Соңғы жылдары бұл бағытта түрлі жобалар іске асырылуда. Мәдени іс-шаралар, білім беру бағдарламалары, ақпараттық науқандар – барлығы осы мақсатқа бағытталған.
– Сөз соңында не айтар едіңіз?
— Рухани құндылықтар – бұл өткеннің мұрасы ғана емес, болашақтың негізі. Ал оны сақтау – баршамызға ортақ міндет.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Ғани АТЫМТАЙ
Пікірлер (0)