Ерлан Смайлов: ЖИ сайлау науқанының жаңа құралына айналды

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет ашық дереккөзден

 
Жасанды интеллект сайлау науқанына қалай әсер етеді?

13 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» атты сарапшылық алаңның отырысы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жиында қоғам қайраткері Ерлан Смайлов жасанды интеллектінің сайлау науқанына ықпалына тоқталды.

Оның айтуынша, бүгінде жасанды интеллект мәтіндер мен сөз сөйлеу материалдарын әзірлеуде, сондай-ақ бейне, аудио және визуалды контент жасауда белсенді қолданылып келеді. Бұл үгіт-насихат материалдарын дайындауға кететін уақыт пен шығынды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде жасанды интеллект жай ғана технологиялық жаңалық емес – ол мемлекеттік күн тәртібінің, қоғамдық пікірталастың және саяси бәсекенің бір бөлігіне айналып келеді. Сонымен қатар жаңа мүмкіндіктермен бірге дезинформация, дипфейктер және саяси контентке деген сенімге қатысты жаңа сын-қатерлер де пайда болуда», – деп атап өтті Ерлан Смайлов.

Сарапшының пікірінше, генеративті жасанды интеллектінің дамуы сайлау үдерісіндегі сенім, жасалатын контент үшін жауапкершілік және қоғамның жаңа ақпараттық ортаға дайындығы мәселелерін алдыңғы қатарға шығарып отыр.

Оның пайымынша, мұндай жағдайда жасанды интеллект сауаттылығы мен сыни ойлауды дамыту тек білім беру саласының ғана емес, қоғамдық-саяси маңызы бар міндетке айналады.

 
 
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *