«Ешкімді кінәламаймын»: Актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 123
news

Фото: ашық дереккөз

Олжас Абайдың әйелі Аймира Аман Hit TV арнасының «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, жан сырын ақтарған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Талғамыңа сөз жоқ екен»: Олжас Абай Бадықовадан кіші екенін де жасырмады

«Ажырасу – дұрыс шешім болды»

Кінә бір жақты болмайды. Ешкімді кінәламаймын. Отбасымызды сақтап қала алмадық. Меніңше, ажырасу – дұрыс шешім болды. Бір сөзбен айтқанда, Олжас екеуіміздің дәм-тұзымыз жараспады, – деді ол.

«Пәтер жалдап тұрамыз»

Аймираның айтуынша, қазіргі таңда ол анасымен бірге пәтер жалдап тұрады, ал балаларының тәрбиесі екеуінің қолында.

Қазір жеке үйіміз жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Олжастың тарапынан биыл пәтер алып беремін деген уәде болды, соны күтіп отырмыз. Балалармен сирек араласады, соған ренжиді, – деді Аймира Аман.

«Аймира мені іздемесін»

Әлеуметтік желіде бұл сұхбат үлкен резонанс тудырды. Көпшілік әншінің шындықты ашық айтуына қолдау білдірсе, енді бірі актердің жауапкершілігі жайлы пікір қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін актер Олжас Абайдың отбасы мен жеке өмірі туралы түрлі болжамдар тараған болатын. Ал экс-жұбайы Аймира Аман сұхбатында күйеуінің қол көтергенін және ажырасуға мәжбүр болғанын да жасырмады.

Пәтерде тұрамын, Олжас көмектеспейді. Балаларына келмейді. «Аймира мені іздемесін» деп құрбым арқылы сәлем жолдапты, – деді әнші.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *