Ғарышқа 52 жерсерік ұшырылды

Жаңалықтар
view 78
news

Америкалық «Space X» компаниясы ғарышқа 52 жерсерігін ұшырды. Оларды Falcon 9 зымыран тасығышы Флоридадағы ғарыш айлағанынан әкетті. Аталған бағдарлама «Starlink» ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асып жатыр. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғаламдық интернет жүйесі 11 мың жерсерігінен тұрады. 2019 жылдан бері «Space X» 3 мыңнан астам құрылғыны ұшырған. Ғарыш аппараттарының алғашқы партиясы 2018 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылды, 2019 жылы Space X қаңтар мен мамырда екі ұшырылым жасады. Ал 2020 жылы үш ұшырылым қаңтар, маусым және тамызда болды. Осылайша, Илон Масктың компаниясы бүкіл әлем бойынша коммерциялық интернет қызметін ұсынуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *