Головкин Роналдумен кездесуде өзінің кезекті жекпе-жегі өтетінін айтты (ВИДЕО)
Жаңалықтар
125
Фотосурет: instagram.com/gggboxing
World Boxing ұйымының президенті әрі ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы Геннадий Головкин португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен кездесудің видеосын Головкин желідегі парақшасына жариялады.
Видеодан екі спорт жұлдызының жылы жүздесіп, әңгімелескенін көруге болады. Осы сәтте Геннадий Головкин келесі жылы тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Пікірлер (0)