Грузияда 18 жастағы қазақстандық есірткімен ұсталды
Фото: видеодан скрин
Имеретияда есірткіні заңсыз сатып алды, сақтады және ірі әрі аса ірі көлемде саудалады деген күдікпен екі шетелдік, яғни Қазақстан мен Украина азаматы ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Күдіктілер – 2008 жылы туған жігіт пен қыз. Олар әртүрлі уақытта ұсталған.
Тергеу олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатуға қатысы бар екенін анықтады, – деп мәлімдеді Грузияның Ішкі істер министрлігі 25 сәуір күні.
Есірткі заттары күдіктілердің уақытша тұрып жатқан жерін тінту кезінде табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тергеу эксперименті барысында күдіктілер метадонды өткізу үшін дайындаған жасырын орындарды көрсетті.
Грузия Ішкі істер министрлігі күдіктілерді ұстау сәті көрсетілген видео жариялады.
Полиция басқа заттай айғақтармен бірге есірткіні өлшеп, орауға арналған материалдарды да тәркілеген.
“Аталған іс бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260 (4) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады”, – деп мәлімдеді ведомсвто.
Пікірлер (0)