Гүлдана Орхашқызы: «Ұстаз болу ұлы мәртебе»

Редакция таңдауы
view 543
news

Гүлдана Орхашқызы: «Ұстаз болу ұлы мәртебе» – Адам баласы «жар таңдағанда сосын мамандық таңдағанда қателеспеу керек» - деп жатамыз. Осы мамандықты таңдағаныңызға кім себепкер болды әлде өзіңіздің жүрек қалауыңыз ба? – Әрине, сіздің сөзіңізбен келісемін. Менің мамандығым – мұғалім. Мұғалім мамандығы – менің жүрек қалауым. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір мәртебелі мамандықты бала күнімнен армандадым. Кісі баласына шын жүрегіңмен көмектесу – игілікті істердің бастамасы. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен мұғалім мамандығын жүрегіме жақын қабылдадым. Мұғалім болғым келді. Арман-мақсатымның қолымнан жетелегіні соншалық Астана қаласына келіп, Астана қаласы Гуманитарлық колледжін және Қарағанды қаласы Е.А.Бөкетов атындағы жоғары оқу орынын үздік дипломмен тамамдап шықтым – Мамадықтың қиншылығымен қызығы жайлы айтсаңыз? – Ұстаздық – әр адамның қолынан келмейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялға бай адамға ғана тән қасиет. Бала тәрбиесімен айналысу қиын да қызықты жұмыс. Ұстаз өз шеберлігін күн сайын дамытып, әртүрлі кездейсоқ жайттарды алдын-ала сезіп, болжап және оның оң нәтижесін табуға дайын болуы тиіс. Өз кәсібінің майталманы ғана, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, қуатын салу арқылы жетеді. Ұстаз болу ұлы мәртебе. – Қосшы қаласында қай кезден бастап қызмет атақарасыз? – Қосшы қаласында жаңадан ІТ мектеп-лицейі ашылады дегенді әлеуметтік желіде көріп, қызығушылық танытқан болатынмын. Бала күнімнен армандаған мамандығым бойынша жұмыс істегім келді. Құжаттарымды жылдам дайындап, конкурстан өте сәтті өттім. Жаңа оқу жылынан жұмысқа қабылданып, қазіргі кезде 2 «А» сыныбының сынып жетекшісі қызметін атқарып келемін. – Мұғалім болу үшін қандай қасиеттер керек? Мұғалім – мектептің жүрегі. Балаларды білімге шақырып, білім мен қатар адамгершілікті санасына сіңіріп, тәрбиелі шәкіртімен мақтанған ұстаздан асқан бақытты адам жоқ. Ұстаздың еңбегі ешқашан өшпейді. «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры» деген күннің өзінде, бір саланың ғана маманы болып қалмау керек. Ұстаз ізденгімпаз, әмбебап болуы керек. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп бекер айтылмаған. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап өмірді танып, білуге ұмтылады. Онсыз өмірді мағыналы сүремін деу мүмкін емес шығар... Осы тұрғыдан алғанда, ұстаз деген ұлы есім адамзаттың шырақшысындай. Оқушы мектеп табалдырығын аттаған күннен-ақ, оны қалыптастырушы, оған жол сілтеуші, бағыт-бағдар беруші – барометр. – Мұғалімнің қоғамдағы рөлі қандай? - Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қандай қоғамдық формацияда ғұмыр кешсе де жас ұрпаққа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған. Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. – Ұжымыңызда кімнен үлгі аласыз? – Осы жаңа ортаға келіп, күнделікті түрлі жұмыстармен танысудамын. Әр педагогтің өзіндік жұмыс дағдысымен іскерлігін өзіме қабылдап алуға тырысамын. Заман талабына сай жаңадан салынған озық мектепте еңбек етіп жатқаныма қатты қуанамын. Мектепте өзіме үлгі тұтар мұғалімдер өте көп. Жалпы, мектеп ішіндегі құрам өте белсенді мұғалімдермен қалыптасқан. Мектеп басшысы жас мамандар бойында жан-жақтылықты, оқушы алдындағы жауапкершілікті, ізденпазды қалыптастыру мақсатында жұмыстан тыс күндері коучингтер мен тренингтерге уақыт арнап, жаңашыл мұғалім ретінде қалыптастыру мақсатында бізге педагогикалық көмек ұсынып отырады. Осы тұста ІТ мектеп-лицейінің директор міндетін атқарушы Ақылбек Игілікұлына және мектеп әкімшілігі мен оқу меңгерушілеріне бізге жасалынып жатырған нағыз педагог ретінде қалыптастыруға үлес қосуды мақсат етіп отырғандары үшін алғысымды айтқым келеді. – Ең сүйкімді, ақылды оқушыңыз бар шығар? – Оқушыларыма әрине көңілім толады. Әрқайсысының мен үшін орны бөлек екені сөзсіз. Жұмысқа келіп, оқушылармен сұхбаттасуымның өзі маған жеңілдек береді. Жұмысқа деген құштарлығымды арттырады. Оқушымен қатар, ата-ана алдындағы жауапкершіліктің орны да маңызды. Мамандықты қабылдап оқу бір бөлек, ал оқушы алдындағы жауапкершілік ол бір бөлек деп айтқым келеді. Қазіргі таңда осы екі бөлек нәрсені бір мәмлеге келтіріп, жұдырықтай жұмыс жасау менің ең негізгі мақсатым. Оқушыларымның болашағы менің қолымда. Егер, мен жаңашыл болудан қорықпасам, тек алдыға жүріп бір реттілікті қалыптастырсам, оқушыларымның болашағы жарқын болады деген ой қазір мені мықты етеді. Ақылды оқушыларымның көп болуы үшін аянбай еңбек етуге, еліміздің ертеңі жарық болуы үшін жұмыс жасау менің көзделген және міндетті түрде орындалатын мақсатым.

– Сұхбат бергеніңізге, рақмет!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *