«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ «БОЛАШАҚ» ЖӘНЕ «IDP IELTS KAZAKHSTAN» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Жаңалықтар
view 313
news

4 шілдеде «Халықаралық бағдарламаларорталығы» АҚ «Болашақ» мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы арасындаынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар білім беру жәнеынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылперспективаларын қарастырды.

Келісімге «Халықаралық бағдарламаларорталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновпен «IDP IELTS Kazakhstan» директоры ӘйгерімОңдабаева қол қойды.

​"Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының"Болашақ" стипендиясын реформалауға қатыстытапсырмасын орындау шеңберінде бүгінгі шындыққа, ұлттық және жаһандық деңгейлердің қазіргі сын — қатерлеріне, сондай-ақ ел экономикасын дамытубасымдықтарына бейімделген Шетелде кадрлардаярлау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегішаралар әзірленуде", - деді Сәкенов.

Келісім жасасудың негізгі мақсаты «IDP IELTS Kazakhstan» мен «Халықаралық бағдарламаларорталығы» АҚ «Болашақ» кандидаттарына тесткетұрақты негізде, сондай-ақ жоғары сұраныс кезеңіндеквоталар беруге дайын екендігі болып табылады.

Сондай-ақ, тараптар екі тарап арасындағы өзараіс-қимылды одан әрі нығайтуға, оның ішінде ұзақмерзімді және жемісті ынтымақтастықты арттыружолымен өзара мүдделілік білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *