ҚОСШЫДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ҰЛТТЫҚ СПОРТЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Фото: ЖИ
2026 жылғы 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ақмола облысы, Қосшы қаласындағы Мәдени-спорт кешенінде жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер мен юниорлар (ұлдар мен қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Чемпионатқа еліміздің облыстары, Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалардың құрама командалары қатысады.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде сынға түседі. Чемпионат аясында іріктеу және жартылай финалдық жекпе-жектер, ақтық сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталады.
28 қазанда қатысушыларды мандаттық комиссия қабылдап, салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімдері өтеді.
30 қазанда сағат 16:00-де чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі жоспарланса, 1 қараша күні ақтық жекпе-жектер мен марапаттау рәсімі өтеді.
Жекпе-жек – ұлттық спорттың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі.
Қосшы қаласында республикалық деңгейдегі өткелі отырған ірі жарыс- жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, ұлттық спортты кеңінен насихаттауға және өскелең ұрпақты ұлттық спортқа баулуға бастайтын тамаша мүмкіндіктердің бірі.
Чемпионатты Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қосшы қаласының әкімдігі және “Жекпе-жек” ұлттық спорт федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Пікірлер (0)