«Ход конем» шахмат мектебінің ұстаздары марапатталды
Жаңалықтар
166
Халықаралық шахмат күніне орай «Jana beles» балаларды дамыту орталығының «Ход конем» шахмат мектебінің оқушыларына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара шахмат мектебінің тәлімгерлері қатысуымен таңғы жаттығудан басталып, шағын концерттік бағдарламаға ұласты.
Мерекелік салтанатты шараға Қосшы қаласының мәслихат депутаты Саян Асқарұлымен және Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Нұржан Абуханов қатысып, шахматшыларды айтулы күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
«Ход конем» шахмат орталығындағы тәлім алып жатқан 200-ден астам шахматшы балалардың мүддесін қорғауға, өскелең ұрпаққа патриоттық және ұлттық рухта тәлім-тәрбие беруге үлес қосып жүргені үшін шахмат мектебінің жаттықтырушыларына алғыс хаттар берілді. Сондай-ақ, спорт шебері кандидат Гинаят Туртулов, дене тәрбиесі мұғалімі педагог-сарапшы Қайрат Болатұлы, дене тәрбиесі мұғалімі педагог-модератор Жандос Әмірхамзинұлы, спорт шеберлігіне үміткер Нұрғиса Асқарбайұлы «Үздік тренер» медалімен марапатталды.
Шахмат әлемдік рейтингте бірінші орындағы ойын. Ең ежелгі интеллектуалды ойын саналады. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бүгінде ғалымдар адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін дәлелдеген. Шахмат ойыны әділ болуға, өзара сыйласуға үйретеді. Ойында спорттың да ғылыми ойдың да, мәдениеттің де элементтері бар.
«Қазақстанда шахмат ойыны қарыштап дамып келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың шахмат ойынын факультативті пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізуді қолдағанын ескерсек, шахмет мектебінің маңыздылығы күн сайын артып келе жатқандығын аңғаруға болады. Болашақта Қосшы қаласының намысын қорғайтын үздік шахматшы спортшылар осы шахматт мектебінде өсіп келе жатқандығына сенімдіміз», – дейді «Jana beles» балаларды дамыту, спорт және өнер-білім орталығының директоры Ақылбек Данабекұлы.
Пікірлер (0)