АҚШ сынаған Астана «үштігінің» келесі саммиті Ресейде өтпек
Жаңалықтар
572
Астана форматындағы келесі саммит Ресейде өтеді. Бұл туралы Владимир Путин кепілгер мемлекет басшыларымен кездесуінде мәлімдеді. АҚШ тарапынан қатаң сынға ұшыраған саммитке Сириядағы ахуалды бейбіт жолмен реттеудің кепілі саналатын Мәскеу-Анкара-Тегеран үштігі мен сириялық оппозиция делегациялары қатысады.
Аталған саммит Құрама Штаттары тарапынан бірнеше мәрте сынға ұшыраған. Осыдан екі жыл бұрын Идлиб провинциясындағы жағдайды талқылауға арналған қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Келли Крафт: «Астана процесі мәселені реттей алмайды. Бұл процесс баяғыда «сынған» және қайта қалпына келмейді. Біз бұдан былай астаналық форматқа қайтып оралмаймыз. Идлибтегі қақтығысты тоқтату, Сирия мәселесін шешуді астана келіссөзіне тапсыра алмаймыз», – деп мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Сирия мәселесі бойынша келіссөздер 2017 жылдың қаңтарында Қазақстанның елордасында басталғандықтан «Астана процесі» деп аталады. 2019 жылы Астана отыз жылға жуық авторитарлық билік жүргізген экс-президенттің құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп аталғанымен келіссөздер форматының атауы өзгеріссіз қалды.
Саясаткер сөзінде НАТО мен АҚШ Түркияның қадағалау бекеттеріне жасалған шабуылдардан қорғануға бағытталған әскери операцияларын қолдайтынын айтты. Ал НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлұмен диалогында «Біз Ресейдің Сирия әскеріне қолдау көрсетіп отырғанын жақсы білеміз және Кремльдің бұл қадамын қолдамаймыз. Алдағы уақытта жағдай ушығып кетпес үшін Ресей шегінуі тиіс. НАТО Түркияға қолдау білдіреді», – деген.
Пікірлер (0)