Қарақалпақстанда төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды

Жаңалықтар
view 121
news

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл шешім Қарақалпақстан Жоғарғы кеңесінің 20 шілдеде ел президентіне жолдаған өтінішінен кейін қабылданған. Жоғары кеңес ұсынған құжатта: «2022 жылғы 2 шілдедегі № УП–164 «Қарақалпақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізілген Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай режимі 2022 жылдың 21 шілдесі сағат 05:00 минуттан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын» делінген. Ресми өкілдер елде қоғамдық тәртіптің қалпына келгенін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқығы мен бостандығын қорғау бойынша арнайы шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Шілденің басында Қарақалпақстанның бірнеше қалаларында елді егемендік мәртебесінен айыратын Конституция жобасына қарсы наразылық өтті. Мәліметтер бойынша, бейбіт тұрғындар мен полиция қақтығысына ұласқан шеруде 21 адам қаза болып, 516 адам ұсталған. Осыған байланысты ел аумағында азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәртіпті қалпына келтіру мақсатында 2022 жылдың 3 шілдесінен 2 тамызға дейін елде төтенше жағдай енгізілген болатын. Кейіннен Өзбекстан парламенті Конституция жобасында Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *