Илон Масктың анасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

Жаңалықтар
view 192
news

Фото: Видеодан алынған кадр

Миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келген кездегі сезімімен бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz madeniportal.kz-ке сілтеме жасап.

Мэй Маск Алматыға алғаш рет өтетін “BeWoman” әйелдер форумында сөз сөйлеу үшін келді. Ол әуежайдағы құрмет-қошеметке таңданысын білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Таңғы сағат 3:00-де Қазақстандағы Алматы әуежайына келгенімде тамаша музыкалық бағдарламамен қарсы алды. Қандай керемет тосын сый! Мүлдем ғажап! “BeWoman” әйелдер форумында сөз сөйлеуге шақырғандары үшін рақмет!”, - деп жазды Мэй Маск.

Сонымен қатар Илон Масктың анасы қазақтың салт-дәстүрінің куәсі болды. Ол кішкентай бүлдіршін қыздың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына себепкер болды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *