Ильхам Әлиев: Мәселе толық тергелуі керек

Жаңалықтар
view 1052
news

Фото: day.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында болған әуе апатына қатысты түсініктеме беріп, бұл мәселенің толық зерттелуі қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды janabastau.kz day.az ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"БАҚ пен әлеуметтік желілерде әуе апатының сәттері көрсетілген. Сондықтан мұны әркім көре алады. Алайда апаттың нақты себептері бізге әлі белгісіз. Әртүрлі нұсқалар бар. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте деп ойлаймын. Мәселе толық тергелуі керек," – деді Әлиев.

Президент тергеу нәтижелері бойынша апаттың себептері анықталатынына сенім білдірді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *