Пилот болмағанда бәріміз өліп кетер едік: Борт ішінде болғандар барлығын айтып берді
Фото: inbusiness.kz
48 жастағы Субхонкул SHOT арнасына берген сұхбатында ұшақтың Грозный аумағына қонуға бірнеше рет әрекет жасап, қона алмағанын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ұшақ қонып жатқан сияқты болған. Кенеттен жоғары көтеріле бастады. Бір кезде жарылыстың дыбысы естілді. Ұшақтың ішінде емес, сыртында жарылғандай. Құтқару кеудешесін алмақшы болдым, бірақ ол тесік болды. Ұшақтың ішінде қиранды алдыма келіп түскен еді. Сол қиранды құтқару кеудешесін тесіп кеткен болуы керек. Пилотқа рахмет, ол бізді құтқарып қалды. Ол болмағанда бәріміз өліп кетер едік. Ұшақтың артқы бөлігі жұлынып кетті", – дейді тірі қалған жолаушылардың бірі Субхонкул.
Субхонкулдың айтуынша, оттегі маскалары төмен түсірілген кезде маскадан оттегі келмеген. Ол артқы орындыққа отырып, басқа маска алған. Субхонкулдың жанында отырғандардың барлығы аман қалған көрінеді.
Ер адам Екатеринбургте тұратынын, Грозныйға жұмыс бабымен ұшып бара жатқан. Субхонкулдың Бакуден ұшаққа ауысып отырған.
Ұшақ апатынан тірі қалған тағы бір жолаушы Кристина да өз оқиғасын бөлісті.
"Ұшақ жерге құлаған кезде екі соққы болды. Мен орындықтан қатты ұстап отырдым. Ұшақтың алдыңғы бөлігі жарылып кетті. Есімді жинағанда аяғымның қысылып қалғанын байқадым. Стюардесса апатты қону болатынын айтып ескерту жасады. Басымызды төмен түсіріп отыруымызды сұрады. Қону кезінде соққы сездік, моторға құс соғылғандай болды", – дейді ол.
Ұшақ құлағаннан кейін кейін қыз есін жоғалтқан. Ол есін жиған кезде аяғының қысылып қалғанын көріп, аяғын өз бетімен шығарып алып, салоннан шығып кеткен. артынша ол дереу ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жолаушы стюардессалар өз міндеттерін кәсіби түрде орындап, жолаушыларға нұсқау бергенін айтты.
"Стюардессалар өзінің жұмысын кәсіби түрде орындады. Тірі қалды ма білмеймін. Не болғанын түсінген жоқпыз. Жарылыстың дыбысы болды. Балон жарылды ма, басқа ма білмеймін, мамандар анықтай жатар", – дейді жолаушы.
Пікірлер (0)