Ақтаудағы әуе апаты: қара жәшік табылды.
Фото: пресс-служба МЧС Казахстана
Іздестіру тобы Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағының қара жәшігін тапты, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақтауда өткен брифингте Қазақстанның көлік прокуроры Тимур Сүлейменов мәлімдеді, брифингке ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев та қатысты.
Сонымен қатар, брифингте Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған барлық Қазақстан азаматтарының қаза тапқаны ресми түрде хабарланды.
Еске сала кетейік, Әзербайжан әуе компаниясының Баку (Әзербайжан) қаласынан Грозный (Ресей) қаласына бағыт алған ұшағы 25 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 11:30-да Ақтаудан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Жолаушылар рейсі Грозныйда қатты тұман салдарынан қоналмаған, бастапқыда Махачкалаға, кейін Ақтауға қайта бағытталған.
Пікірлер (0)