Интернет бойынша қызмет көрсету көлемі 14,1% өсті
Жаңалықтар
39
Фото: digitalocean.ru
2025 жылғы қаңтар–қазан аралығында телекоммуникация, сым және сымсыз желілер арқылы көрсетілген интернет қызметтерінің көлемі 724,2 млрд тг. құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1% көп, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның ішінде тұрғындарға көрсетілген қызметтердің көлемі 517,2 млрд тг, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% артық. Барлық көрсетілген интернет қызметі көлемінің 81,9% Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 10 айда тіркелген интернет абоненттерінің саны 3,2 млн бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9% көп.
Интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 19,3 млн, өсім - 2,8%.
Пікірлер (0)