Израильдің жойқын соққысынан әлемге танымал ирандық гимнаст қыз қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөзден
Израиль Иран арасындағы қақтығыс үдеп барады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ALASH.KZ-ке сілтеме жасап.
Кеше Израильдің тұрғын үйлер орналасқан аудандарға жасалған әуе шабуылы кезінде 8 жастағы ирандық гимнаст қыз Тара Хаджими қаза тапты.
Түн бойы тараптар бір-біріне зымыран соққыларын жасады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменейге қарсы жою жоспары барын жоққа шығармай отыр.
Иранның БҰҰ-дағы елшісі Израильге жасалған соққыларды өзін-өзі қорғау шарасы деп атады. Тегеран Парсы шығанағындағы елдердің басшыларынан атысты тоқтату келіссөздері бойынша Дональд Трампқа жүгінуді сұрады.
Өз кезегінде Трамп: «Барлығы Тегераннан дереу эвакуациялануы тиіс», — деп мәлімдеді.
АҚШ президенті Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Канадада өтіп жатқан G7 саммитінен мерзімінен бұрын кетіп, Ақ үйге оралды.
Пікірлер (0)