Кадрлық резерв жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыратын әлеуметтік баспалдақ

Жаңалықтар
view 47
news

Президенттік жастар кадрлық резерві (ПЖКР) – Мемлекет басшысының маңызды бастамасы. Президент 2019 жылы реформалау бағамы қажеттігін мәлімдей отырып, мемлекеттік басқару жүйесіне жас мамандарды тарту тетігін жасауды қолға алған болатын.

Бұл шешім – өте орынды. Өйткені жастарға өзгерістердің бастауында тұруға тиіс. Ал реформаларды қауырт қолға алып, жүзеге асыруға белсене атсалысса, тіпті құба-құп. Қазірдің өзінде резервтегі мамандар мемлекеттік қызмет пен басқару жүйесіне белсенді араласып келеді. Айта¬лық, бүгінде жұмысқа қа¬был¬даудың үш толқынында 400 жас маман резервке алынды. Олар 20 мыңнан астам үміт¬кердің арасынан іріктелді. 367 ре-зервші орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істейді, сонымен қатар саяси қызметтер де атқарады. Осы орайда ПЖКР мү¬шелігі қандай да бір артық¬шылықтар бермейтінін есте ұстауымыз керек. Бұл тең¬герім мемлекеттік қызметте бел¬гілі бір лауазымды ат¬қа¬руға үміткерлерге қойы¬латын біліктілік талаптары жүйесіне байланысты орын алып отыр. Көбіне талаптар төменгі лауазымдардағы немесе бюджеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызметтегі жұ¬мыс өтіліне қатысты. Бұл талап жеке сектордан кадрлар тар¬туға кедергі болып отыр. Дегенмен ПЖКР мүшелігі мемлекеттік қызметтің жекелеген санаттары мен лауазымдарына өзін ұсынуға құқық береді. Егер жастың кәсіптік білімі, озық біліктілігі және өз сବласында мол тәжірибесі бол¬са, оны түрлі деңгейдегі мем¬лекеттік басқару жүйесіне тарту орынды. Мамандарды баға¬лаудың бұл тәсілі бүкіл әлемде бұрыннан қолданылып келеді. ПЖКР жүйесі нақты мә¬се¬лелерді шешу үшін қажетті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Оңтүстік Кореядан инвесторлар тарту, Қазақстан¬ның туристік тартымдылығын арттыруда табысты тәжірибе бар – мұның барлығына нақты осы резервшілер жұмысының арқасында қол жеткізілді. Дарынды жас мамандарға арналған кадрлық резерв жаңа буын көшбасшыларын қалып-тас¬тыра¬тын әлеуметтік баспалдақ бола алады. Әзірге олардың алдын¬да мемлекеттік басқару жүйесі¬не инновациялар енгізу, мем¬ле¬кет алдында тұрған мін¬¬дет¬терге қол жеткізу үшін тұ¬жы¬рымдамалық жаңа көз¬қарас пен дүниетанымды қалып¬тастыру міндеті тұр. Ермек ТОҚТАРОВ, Президент жанындағы ҚСЗИ стратегиялық талдау басқармасының басшысы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *