Қала әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Редакция таңдауы
1478
Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.
Әйел бақыты – жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!
Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов
Оқи отырыңыз

Редакция таңдауы
Қазақстанда той шығынын салық органдары тексере бастады

Редакция таңдауы
Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды
Пікірлер (0)