Ресейде екі қазақстандық азамат теракт ұймдастырған

Редакция таңдауы
view 1451
news

Ресейдің қауіпсіздік қызметімен атыс кезінде екі қазақстандықтың көз жұмғанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды janabastau.kz. ҰҚК аталған адамдардың қазақстандық екенін және олардың Ресейге шыққандығын растады.

«БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады. Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *