Қала тыныштығымен қоғам тыныштығы басты назарда

Редакция таңдауы
view 62
news

Қала тыныштығымен қоғам тыныштығы басты назарда Сарыарқаның сары аязы саябырсып, қыстан көктемге қарай жілік майымыз үзілмей, биылғы қысты да артқа қалдырдық. Әппақ қар қыста жауғанда әсем болғанымен көктемгі еру кезінде әлекке салатыны бар. Биылда жылдағы мөлшердегідей қар түсті. Қалаішілік тазалық, қар шығару науқаны басталып та кетті. Жалпы ақпан айынан бастап 60 мың текше метр қар шығарылды. Көктемгі су тас- қының алдын алу бойынша іс-шаралар, оқу-жаттығу жиындары міндетті мекемелердің қабырғасында өткен болатын. Барлық салдарды алдын алу бойынша техникалар, қызметкерлер, жауапты тұлғалар дайын екені мәлім. Бүгінгі таңда 1 наурыздан бастап «АБК Автодор НС» компаниясы қар шығаруға кірісті. Қосшы қаласы бойынша күн сайын 15 бірлік техника қала көшелеріндегі қарды тазалауға шығады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *