«Камераға түсіп қалған»: Атырау облысындағы жоғалған отбасындағы екінші қыздың ізі табылды
Фотосурет: КТК
Атырау облысында өткен жылы жоғалып кеткен зейнеткер отбасына қатысты жаңа деректер шықты. Белгілі болғандай, олардың екінші қызы елден шығып кеткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жангелдин ауылында тұратын бұл отбасының жоғалғанына біраз уақыт болған. Көршілерінің айтуынша, олар тыныш, еңбекқор адамдар болған. Үйде екі мүгедек баласы бар зейнеткерлер ешкімге зиянсыз болыпты.
Қандай да бір күдік болған жоқ. Тіпті ешкім күмәнданбады да. Негізі олардың жоғалып кеткенін кейін ғана білдік. Содан соң туыстары полицияға жүгінді, – деді көрші Үсен Жолдасұлы.
Туыстарының айтуынша, олардың ұлы Наурыз алғашқыда байланыста болған. WhatsApp арқылы хабарлама жазып, малды сатқысы келетінін айтыпты.
Себебі анасы ауырып жатыр деп түсіндірген екен. Бірақ ол ешқашан бейнеқоңырауға шықпаған, тек мәтіндік хабарламалар жолдаған.
«Ол тек жазбаша жауап берді. Дауыстық немесе бейнебайланыс болған жоқ. ‘Мал сатамын, анам ауырып қалды, ақша керек’ деп жазды», – дейді туысы Шалқар Мұқанғалиев.
14 желтоқсанда Фаризат Кенжегалиева да күдіктене бастаған. Өйткені ағасы бұрын-соңды ешқашан малын қараусыз қалдырмайтын. Ал бұл жолы отбасынан ешқандай хабар болмаған.
Ағам ешқашан ұзаққа кетпейтін. Бір жаққа барса, міндетті түрде алдын ала ескертіп кететін. Бұл жолы үндемей жоғалды. Сол кезде бір нәрсе дұрыс емес екенін сездім», – деді ол.
6 қаңтар кешкісін полицейлер жоғалған ерлі-зайыптының денесін тапқанын хабарлады. Екеуінің мәйіті үй жанына орналасқан сарайдан шыққан.
Оқиға орны сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір олардың екі баласын іздеу жалғасуда. Облыстық ТЖД басшысы Жанторе Демешовтың сөзінше, іздеу жұмыстары бірнеше ауылдың маңында жүргізілуде. Шадымантөбек, Бесмола, Бірмола, сондай-ақ Қарасу аумағында сүңгуірлер мен суасты дрондары жұмылдырылған.
20 шақырым аумақта іздеу жүріп жатыр. Су қоймаларында арнайы техника қолданылады, – деді ол.
Ал жоғалған ерлі-зайыптының екінші қызы 5 қараша күні таксимен аттанған. Ол үйде тұрмаған. Кейін бейнебақылау камералары оны Индер ауданындағы жанармай бекетінде тіркеген.
Қазір белгілі болғандай, ол күйеуімен бірге Өзбекстанға кетіп қалған.
Сондай-ақ әкенің нөмірі кейде қосылып тұрады, бірақ ешкім тұтқаны көтермейді.
Айта кетейік, бұл отбасы өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Туыстары полицияға 25 желтоқсанда жүгінген. Қазір оқиға бойынша «Кісі өлтіру» бабымен іс қозғалған.
Пікірлер (0)