Қазақстандықтар Мәжіліс сайлауына шетелде де қатыса алады

Сайлау
view 59
news

Қазақстандықтар Мәжіліс сайлауына шетелде де қатыса алады

«Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде де қатыса алады»,- деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады. «Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдынала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз»,- деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *