Кек алуды көздеген: Руслан Берденовті не үшін атып кеткені белгілі болды

Жаңалықтар
view 69
news

Сурет: gov.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасарына оқ атқан Ернар Жиембайға қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды janabastau.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметінше шенеуніктер арасында қызмет мәселесіне қатысты жанжал болғаны расталды.

 

«Тұрғын үй Шымкент»  ЖШС ғимаратында мердігерлердің жиналысы өткен. Сол жерде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысын қызметінен босатуға тапсырма берген. Айыпталушы өз еркімен арыз жазып кетсін дегенді естіп, адам өлтіру туралы ойлана бастаған», - дейді прокурор Бауыржан Қараманов. 

 

Айыптаушы тараптың айтуынша, Ернар Жиембай бұл әрекетке жұмыстан босатылғаныны үшін кек алу мақсатында барған. Бүгінгі алдын ала сот тыңдалымы ашық режимде өтті. Алайда судья Жиембайдың өзі бейнежазбаға түсіруге қарсы екенін айтып тыйым салды. 

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмысқа дайындалу» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Руслан Берденов тыңдалымға қатысқан жоқ. Оның өкілі сотқа шенеуніктің емделіп жатқанын жеткізді. Ал судья Берденовті негізгі сот процесіне қатысуға міндетті екенін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *