«Тұрмысқа шық...»: Мақпал Жүнісова арманын айтты

Жаңалықтар
view 70
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі, сүйікті әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің болашағына қатысты тілегін жасырмай, журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында шынайы аналық жүрек сырын ақтарды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі ана болудан әже болуға қадам басқысы келетінін айтып, немере сүю арманымен бөлісті.

— Кейде қызыма: «Жақсы жігіт кездесіп жатса, тұрмысқа ертерек шықсаңшы» деп айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере сүйгім келеді. Балапанның иісін иіскеп, мүлде басқа өмірдің дәмін татып көрсем деймін. Сол күнді тағатсыздана күтіп жүрмін, — дейді әнші.

Алайда Мақпал Жүнісованың бұл тілегіне қызы әзіл-шынын араластырып жауап береді екен.

— Қызым: «Мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді келдім. Мені тезірек ұзатып жібергің келіп жүр ме?» деп қалжыңдайды. Ондайда біртүрлі болып қаламын. Сосын: «Жоқ, бәрі уақытын күтеді, бұйырғаны болады» деп өзімді де, қызымды да жұбатамын, — дейді ол.

Ана жүрегі – мәңгілік тілек пен үміт. Мақпал Жүнісова да сол бір арман-аңсарымен өмір сүріп келеді. Қызының бақыты мен болашағы — оның басты тілеуі. Ал немере – соның жалғасы ғана...

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *