“Келеңсіздіктен халық масаға таланып отыр”: Атырауда маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай қалған

Жаңалықтар
view 497
news

Сурет: видеодан скрин

Атырауда маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай отыр,- деп хабарлайды Janabastau.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Биыл Атырауда өңірдегі тасқын судың салдарынан маса күрт көбейген.

Қала аумағында зиянкестерге қарсы улау жұмысын жүргізуді жергілікті әкімдік кеш бастаған. Әзірге демеушілердің ғана көмегіне жүгінген. Өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі әлі жарияланбаған. Биыл маса улауға 100 млн теңге қаржы бөлініпті. Бірақ конкурсқа қатысатын компаниялардың құжаттарынан қате кетіп, кейінге қалдырған. Осындай келеңсіздіктен қазір қала халқы масаға таланып отыр.

Дегенмен жауаптылар "жаз басталса да, кеш қалмадық" дейді. Дезинфекция жұмыстары демеушілер көмегімен жасалып жатыр деп ақталуда. Әкімдік қаладағы 1233 көп қабатты тұрғын үйдің тек 200-ден астамының ғана жертөлесіне у шашып үлгерген.

“Ашық электронды конкурс жариялаған болатын. Бұл конкурстарды негізі ақпан айында жарияладық . Бірақ тендерге түскен мекемелердің біздің талаптарға құжаттары сәйкес келмеуіне себепті қайталама тендер жариялауға тура келді. Бірақ қазір қала әкімдігі тарапынан бұл мәселені шешу мақсатында демеушілік тарапынан осы маусым айынан бастап "AG" мекемемен жұмыс жүргізілуде”, – дейді Атырау ТКШ және тұрғын-үй инспекция бөлімі басшысының орынбасары Темірлан Әубәкіров.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *