"Келінжан" фильмі қайта оралды

Жаңалықтар
view 105
news

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Талайлардың сүйіктісіне айналған "Келінжан" фильмі қайта оралды. Ендігі Tiger Films пен GG cinema бірлесіп, жаңа жобаның түсіріліміне кірісіп кетті.

Осылайша қазақстандықтар "Келінжан" фильмі мен ондағы сүйікті актерлерімен қайта қауышады. Фильм режиссері – Ернар Нұрғалиев. Ал актерлік құрамда жаңа адамдар пайда болды.

Фильмде көптің жүрегінен орын тапқан Нұргүл Мыңғатова, Дариға Бадықова, Рүстем Жаныаманов, Дәулет Өсербай, Сара Амангелді мен Назар Сұлтанбаевтан бөлек, көпшілікке Ochooou лақап атымен белгілі Олжас Абай да бар.

Көрермен қауым көптен сарыла күткен "Келінжан" фильмінің үшінші бөлімі 26 желтоқсанда үлкен экранға шығады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *