Мөлдір Мұқанова: "Төріне шақырған жерден қалмайық"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова қонақ күту мен баруға қатысты пікір білдірді.
Продюсер шақырылған жерден қалмау керегін баса айтты.
“Қонақ күтудің бір жазылмаған ережесі бар. Төріңнің жинақы әдемі болуы, шақырылған қонақ санына байланысты астың әдемі берілуі, көңілге жағымды әңгімелер айтылуы, үй иелерінің жайдары жүруі деген сияқты факторларды қонақжайлылық деп те атауға болатын шығар. Сол сияқты келетін қонақтың да жазылмаған ережесін, мәдениетін әр мейман сезіне алады. Шүкір, қанымызда бар этикамыз бар”, – деп жазды продюсер.
Айтуынша, келген қонақ үй иесін сыйлап, көтеріңкі-көңіл күйде келуге міндетті екенін жеткізді. Одан кейін келе алмайтын болса, алдын ала ескерту маңызды екенін еске салды.
“Қонақтық – шақырған үй иесіне де, шақырылған мейманға да сын. Әрине көп күш жұмсалатыны – үй иесінің еңбегі, қаражаты, энергиясы. Шақырылған қонақтың барлығының келгенін қалайды, қонақтар санына байланысты сый-сияпатын да сатып алып, дайындап қояды. Қонағың жақсы отырып, жақсы эмоциямен, көңілді тараса, бұл барлық еңбегіңнің қайтқаны іспетті. Сондықтан, сыйлап төріне шақырған жерден қалмайық, әлде бір себептермен бара алмайтын болсаңыз, міндетті түрде ескертіңіз. Үй иесі мүмкін сіздің орныңызға сыйғыза алмаған тағы бір жақсы адамын шақырып жіберер немесе артық шығындалмай дастархан көлемін ыңғайластырар деп ойлаймын”, – деді Мөлдір Мұқанова.
Пікірлер (0)