Кеңседегі төбелеске Серік Сәпиевтің өзі кінәлі болып шықты
Фотосурет: Ertenmedia.kz коллажы
Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға байланысты Мемлекеттік қызмет істері тексеру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист Михаил Козачковтың мәлім еткеніндей, агенттіктің бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов қол қойған құжатта оқиғаның барлық жай-жапсары толық зерттеліп, жанжалдың туындауына Серік Сәпиев кінәлі деп көрсетілген.
Құжатта басқарма басшысы Серік Сәпиевтің мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі 6-бабының 5-тармақшасын, сондай-ақ 8-баптың 1) және 7) тармақшаларын бұзғаны жазылған.
Сәпиев мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтірген, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырмаған және әріптесіне дөрекілік танытып, әдепсіздік жасаған деп айыпталған.
Ал бұған дейін Серік Сәпиевтің өзі жанжал орынбасарының заңсыз әрекетіне байланысты туындағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиғаға қатысты асығыс қорытынды жасамауды сұрап, мемлекеттік қызмет істерінің тексеріс нәтижесін күтуді ұсынған болатын.
Пікірлер (0)