Жамбыл облысында тағы бір сарбаз ажал құшты
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген. Сарбаздың қаза тапқанын бас прокуратура растады.
“27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында”, – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.
Пікірлер (0)