«Көк базар, арба, ауыр күндер… »: Ернар Айдар жастық шағын еске алды
Жаңалықтар
41
Фотосурет: sn.kz
Танымал қазақстандық әнші Ернар Айдар жастық шағымен тығыз байланысты Тараз қаласындағы әйгілі көк базарды сағынышпен еске алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Оzgeris.info ақпарат порталына сілтеме жасап.
Instagram желісіндегі Taraz History парақшасында 2009 жылы Тараздағы көк базарда түсірілген ескі бейнежазба жарияланды. Кадрлар желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілікті өткен шаққа жетеледі.
Жарияланым астында пікір қалдырғандардың қатарында Ернар Айдар да болды. Өнер иесі бұл базардың өз өмірінде ерекше орын алатынын атап өтті.
«Тамаша естелік екен. Бұл базар мен үшін ең жылы әрі берекелі мекен. Көп нәрсе көз алдыма қайта келді. Видео авторына алғысым шексіз», – деп жазды әнші.
Пікірлер (0)