Мұғалім ҰБТ-ның әр балын 7 мың теңгеден сатқан

Жаңалықтар
view 137
news

Фотосурет: baq.kz

Ақтөбеде мектеп мұғалімі ата-анадан әр балл үшін 7 мың теңге алып, оқушыларға кемінде 80 балл уәде етті. Сот мұғалімді алаяқтық жасады деп танып, 2 жыл 4 ай мерзімге еркіндікті шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бірнеше ата-ана оған барлығы 560 мың теңге жинап берген, бірақ ақша шын мәнінде мұғалімнің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Сот отырысында педагог өзінің кінәсін толық мойындады.

Сотқа банк шоттарының үзінділері және басқа да дәлелдер ұсынылды. Ақтөбе қаласының №2 соты мұғалімді алаяқтық жасады деп танып, оған 3 жыл 6 айға дейінгі еркіндіктен айыру және сол мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заңға сәйкес, негізгі жазаның өтелмеген бөлігі үштен бір бөлікке қысқартылып, педагогке 2 жыл 4 ай мерзімге шектеу түріндегі жаза бекітілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *