Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева: «Конституцияның жобасы – мән-маңызы жағынан да, саяси-құқықтық мазмұны тұрғысынан да жаңа құжат»

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: Консультациялық сот

Ата заңның жаңа нормалары әділдік, заңдылық және қоғамдық келісім сияқты рухани тұғырлардың өзара байланысын тереңдете түседі. Бұл пікірді Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Конституциялық комиссияның бесінші отырысында айтты.

Осы күндері еліміз тарихи мезеттерді бастан кешуде. Президенттің бірнеше жыл бұрын әділдік пен парасатқа, заң мен тәртіпке сүйеніп бастаған ауқымды реформалары өзінің ең жоғарғы құқықтық мәртебесін алып, жаңғырудың жаңа белесіне аяқ басты. Оның басты әрі баламасыз кепілі – Ата заң. 

– Бұл мән-маңызы жағынан да, саяси-құқықтық мазмұны тұрғысынан да жаңа құжат. Президентіміз тарихи шешімдердің заңды нәтижесі осынау алмағайып заманның талабына берген лайықты жауабы. Дегенмен бұл мемлекетіміздің осы уақытқа дейінгі жүрген жолын жоққа шығару емес, керісінше дүбірлі дәуірлеген, бүгінгі күнге дейінгі озық ойлар емн тәжірибені тиянақтап, кеткен кемшіліктерді түзеп, жеткен жетістікті жаңалаған саяси табыстың бірегей үлгісі, - деді министр.

Бұл өзгерістің ең басты лейтмотиві де − ел тәуелсіздігінің тұғырын біржола нығайтып, әлем санасатын саяси ұлттың қолына төлқұжатын беріп, жол ашу.

– Бұл терең ой «Біз, Қазақстанның біртұтас халқы» деп басталатын Конституцияның жаңа кіріспесінен-ақ жақсы көрініп тұр. Ендігі жерде біз адам мен азаматтың жеке құқықтары мен міндеттерін тұтас, ұлттың өмірлік мүдделерімен ұштастырған, ешкімді тілі мен дініне, тегі мен дәстүріне қарап алаламай, заңды бәрінен биік қоятын ережені алға тартамыз. Ең маңыздысы – Ата заңның жаңа нормалары әділдік, заңдылық және қоғамдық келісім сияқты рухани тұғырлардың өзара байланысын тереңдете түседі. Сөзсіз бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді одан әрі күшейтетін қарымды қадам, - деді Аида Балаева.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *