Жаңаөзенде жеті баланың анасы кісі қолынан ажал құшты

Жаңалықтар
view 22
news

Фотосурет: istockphoto

Жаңаөзенде жеті баланың анасы кісі қолынан мерт болды. Күйеуі күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда Жаңаөзенде пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қайтыс болды.

"Күдікті – марқұмның күйеуі. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған" - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын объективті және толық тексеруге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *