Көкшетауда көлік жүргізушісі шырша маңында апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Көкшетау қаласында Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлік жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Көкшетау қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 28 желтоқсанда Жағалау көшесінде, Әуезов көшесінің қарсы бетінде «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік жол-көлік оқиғасын жасаған.
Көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың металл қоршауына және көшені жарықтандыруға арналған металл тірекке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін олар үйлеріне жіберілді, - деп хабарлады Полиция деппартаменті.
ЖКО-ға кінәлі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер (0)