Көктайғақ кесірінен Астана – Қарағанды тасжолы жабылды

Жаңалықтар
view 54
news

Фото: видеодан скрин

Ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашынның салдарынан Қарағанды – Астана тасжолы көктайғақ болды. Жолаушылар автобусы көпірге шыға алмай қалған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Қарағанды – Астана тасжолы уақытша жабылғанын мәлімдеді. 

Патрульдік полиция қызметкерлерінің құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылған. Полиция қызметкерлері қауіпті учаскелерде кезекшілікте болып, жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ауа райының қолайсыздығын ескеруді, мүмкіндігінше ұзақ сапарға шықпауды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды, – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *