Көкшетауда Жастар күні туған қалаға қамқорлықтан басталды

Жаңалықтар
view 26
news

Фото: Ресми дереккөз

Бүгін, Жастар күніне орай 160-тан астам студент, волонтер, блогер және белсенді азамат ортақ іске бірігіп, Көкшетау қаласының тазалығына үлес қосты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Жаңа Жағалау» аумағында ауқымды Eco Plogging өтті. Қатысушылар дене белсенділігін қоршаған ортаға қамқорлықпен ұштастырып, аумақты тазалауға шығып, 200-ден астам қап құрғақ қоқыс жинады. 

Плоггинг – жай ғана тазалық жұмысы емес. Бұл – экологиялық мәдениет, салауатты өмір салты және туған қаланың болашағына деген жеке жауапкершілік.

Жастар ортақ мақсат үшін біріге отырып, айналасындағы кеңістікті ғана емес, оған деген көзқарасты да өзгертеді.

Таза орта – жарқын болашақ!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *