Көкшетаулық зияткер халықаралық сайыстың жеңімпазы атанды

Редакция таңдауы
view 144
news

Көкшетау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 11-сынып оқушысы Қазбек Елубаев «Бурабай» ұлттық паркінде өткен «Burabai ICE 2023» мұзда жүгіруден халықаралық сайысында топ жарды. Турнирге АҚШ, Ресей, Чехия, Польша елдерінің 300-ден астам спортшысы қатысты. Сайыс 7, 14, 21,1 шақырымға жүгіру қашықтықтарынан және скандинав жүрісінен тұрды. Қазбек соңғы аталым бойынша бақ сынап, 7 шақырым мұзды жолды артқа тастап, бас жүлдеге ие болды. Қазбектің айтуынша, аталған спорт түрін ол қызығушылық ретінде қабылдайды:

- Әкем екеуміз әрдайым үлкен шақырымдарға жолға шығамыз. Бала кезімнен дағдыланғанмын. Кеше сайыста ауа райының қолайсыздығына, қатты аязға байланысты 7 шақырымды бағындыру қиын болды. Десе де өзімнің жас санатымда ең жақсы нәтиже көрсеттім. Мәре сызығын бірінші болып өткенде, сенбедім, кейін қатты қуандым.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *