Қолдауға шағын гранттар беру конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Қосшы жаңалықтары
3625
«Zhas project» жобасы жастарға қоғамға пайдалы кез келген идеяларды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бағдарлама жас ұрпақты тұрғылықты жерлердегі әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға, шалғайдағы елді мекендерге басымдық беруге бағытталған.
Өтінім білдірушіге талаптар:
– өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс;
– өтінім берген кезде өтініш берушінің жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы тиіс;
– өтінім беруші өтінім берген кезде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс;
– өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуға тиіс.
Конкурс шеңберінде 14 жеңімпаз айқындалатын болады, олар 1 млн теңгеге дейінгі сомаға шағын грант алады. 9 қазанда шағын гранттарға өтінімдерді қабылдау басталды.
Өтінімдер 2023 жылдың 22 қазанына дейін қабылданады.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшының соңғы қаһарманы
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда 1500 орындық заманауи мектеп салынады
Қосшы жаңалықтары
LRT мен индустрия: Қосшының болашақ бағыты
Пікірлер (0)