Конституция жобасы – еліміздің келешек дамуына бағытталған маңызды қадам

Жаңалықтар
view 63
news

Фото: Janabastau.kz

Жаңа Конституцияны қолдау – еліміздің болашағына деген жауапкершілікті сезіну деген сөз. Мемлекеттің негізгі заңы қоғамдағы әділеттілік, тұрақтылық және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарын айқындайды. Сондықтан Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтар ел дамуына жаңа серпін береді деп сенемін.

Өз басым бұл бастамаларды қолдаймын. Өйткені заң үстемдігі мен әділдік қағидаттары күшейген сайын мемлекет те, қоғам да нығая түседі. Жаңа Конституция – азаматтардың пікірін ескеріп, елдің келешек дамуына бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын. Біз әрқашан заңды құрметтеп, ортақ мақсат – қуатты әрі әділетті Қазақстан құру жолында бірлесіп еңбек етуіміз керек.

Ербол ҚАНАТҰЛЫ,

«Jana Bastau» газетінің қызметкері

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *